jasqazaq.kz

Жәнібек Әлімханұлы америкалық «жыртқышты» тізе бүктірді

04 қараша 2018, 10:24

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі өзінің 4-ші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетейік, ол Эль-Пасодағы бокс кешінде (АҚШ, Техас штаты) өнер көрсетіп, өзінің қарсыласы америкалық Александер Вонды (12-1, 8 КО) уақытынан бұрын жеңді. Төрешілердің шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жеңімпаз деп танылды. Осылайша, оның кәсіби рингтегі есебінде 4 жеңіс бар. Ал Александр болса екінші рет жеңіліс тауып отыр. Осы ретте айта кететін мәселе, Жәнібектің америкалық қарсыласы Александер Вон 2004 жылдың соңында рекорд орнатып, әлемдегі ең танымал спортшылардың бірі болған. Кейін ол қарулы тонау әрекетіне қатысқаны үшін түрмеге түсіп, темір тордың арғы жағында 11 жылын өткізді. 2016 жылы ол рингке қайта оралды. Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының 11 жыл түрмеде отырған америкалық «Жыртқышпен» кездесетіндігі хабарланған болатын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді