jasqazaq.kz

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс чемпионын нокаутпен жеңді

21 қараша 2021, 10:17

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н’Дам Н’Жикам (38-5, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық үшін бұл жеңіс кәсіпқой бокстағы 11-ші, мерзімінен бұрын жеңген жетінші жеңісі болды. Н’Дам 38 жеңісімен алтыншы рет жеңілді. Әлімханұлы WBO Global белбеуін қорғады. Ол сонымен қатар WBC Continental титулының иегері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде