jasqazaq.kz

Жәнібек Әлімханұлы 2 бірдей белбеу үшін жұдырықтасады

19 наурыз 2019, 15:15

Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) 12 сәуірде қос бірдей белбеу үшін жұдырықтасады. Бұл туралы ҚазАқпарат спортшының PR-менеджері Берік Сұлтанға сілтеме жасап хабарлады.

Бұл кездесу — қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегі болмақ. «Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос Анжелесте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін 10 раундттық жекпе-жек өткізеді. Жәнібектің қарсыласы — кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ында жеңген, құламаған тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас. Бұл — біз үшін өте жауапты жекпе-жек. Осы шоудан соң Қазақ бoкс стилі әлемге кеңінен танылады», — деп жазды Берік Сұлтан Facebook желісінде. Айта кетейік, 12 сәуірдегі басты жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) мен британдық Энтони Кролла (34-6-3, 13 КО) арасында өтеді. В. Ломаченко жеңіл салмақтағы WBA және WBO белбеулерін қорғайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде