jasqazaq.kz

Жандарбек Бекшин: Аптасына 400 адам қызылша жұқтырып жатыр

12 наурыз 2019, 12:59

Елімізде 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы екпе салу басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты ахуал бұрынғы деңгейде, апта сайын шамамен 400 оқиға тіркеліп отыр. 1 сәуірден еспе салуға кірісеміз. Ол үшін 20 наурызға дейін қызылшаға, паратит және қызамыққа қарсы үш валентті вакцина жеткізіледі. 478 мың доза аламыз. Оны ең бірінші кезекте балаларға саламыз. Себебі ағымдағы жылы өзгеше инфекция екпе салатын жасқа толмаған 12 айлық балаларға жұғып жатыр. Біз екпе салуды 9 айға жылжыттық. Бұл ғылыми негізделген», — деді ол. Бас санитар дәрігердің айтуынша, екінші кезекте науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге салынады. «Ванцинаның негізгі бөлігі еспе салдыруды қалаған адамдарға салынады», — деді Бекшин. Сонымен қатар, ол жазға қарай вакцинаның қосымша көлемі сатып алынатындығын атап өтті. Оның дерегінше, 2018 жылдың қарашасынан Қазақстанда қызылшамен аурудың 4 мыңнан астам дерегі тіркелген. Аурған балалардың 12 пайыз ата-аналары екпе салдырмай қойған. Екпе салынбаған балалардың 60 пайызы 12 айға толмаған сәбилер, 32 пайызы медициналық қарсы көрсетім болғаннан кейін алмаған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда