jasqazaq.kz

Жаңбыр салдарынан жалғызбасты ана 11 баламен баспанасыз қалды (видео)

19 наурыз 2022, 15:40

Шымкентте жалғызбасты ана 11 баламен баспанасыз қалды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Гаухар Абдраймова тоғыз баласы және екі немересімен Ақжар шағынауданында уақытша баспана жалдап тұрады. Алайда нөсер жауыннан баспанасының шатыры құлап, қирап қалған. Үйде бес бөлме бар, олардың үшеуі қирады, дейді әйел. Гаухардың сөзінше, ол қалған бөлмелер отбасына құлап кетеме деп қорқады.

«Шамамен бес күн бойы қатты жаңбыр жауды, кеше, түнгі сағат екіде сарайдың төбесі құлады. Онда отын болған, енді қазір жарамай қалды, үйіміз де су астында қалды. Бұдан әрі екі бөлменің шатыры құлады, уақытша үй саз кірпіштен салынғандықтан, нөсер жаңбырға шыдай алмайды», — дейді әйел.

Гаухардың айтуынша, үйдің есігі жабылмайды. Үй суық, үш бала ауырып қалған. Әйелдің өзі күйеуімен ажырасқан, жұмыс істемейді. Отбасы АӘК және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға өмір сүреді. Олардың баратын жері жоқ, ал туыстары көмектеспейді екен.

«Үлкен қызым да күйеуімен ажырасқан, оның екі баласы бар, әлі кішкентай, сондықтан жұмыс істемейді. Мен де жұмыс істей алмаймын, өйткені балаларыма қараймын. Бір жыл бұрын ажырастым, оның туыстары да, менікі де көмектеспейді. Әкімдік те көмектеспеді, демеушілер болса көмектесетінін айтты. Үйім қирағанда газ құбырларына тиіп кетті, адамдар оны жөндеп кетті, ал біздің үй сол қалпында қалды», — деп әңгімесін аяқтады Гаухар Абдраймова.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық