
Алматы облысында азаматтарды санкцияланбаған митингке қатысуға шақырған екі азамат ұсталды.Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«2020 жылдың 21 ақпанында 1988 жылы туған Мамай Жанболат Мамайұлы мен 1991 жылы туған Рахматулла Жанбол Шекербекұлын Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының өкілдері ҚР ҚК 488 бабы 3 бөлігінде қаралған әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергені үшін уақытша қамауға алды. Қамауға алуға негіз болған мәселелер Ж. Мамай мен Ж.Рахметолла әлеуметтік желі арқылы республика азаматтарын санкцияланбаған митингке қатысуға шақырды»,-делінген хабарламада.
Онда Қарасай аудандық сотының шешімімен Ж.Мамай 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны, ал Ж.Рахметолланың 15 тәулікке қамалғаны айтылады.