
Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің өліміне қатысы бар делінген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы брифингте ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов хабарлады.
– Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның ішінде кісі өлтірді деген күдіктілер де бар. Күдіктілердің кінәсі жиналған дәлелдермен анықталды. Ағаділдің өліміне алып келген төбелеске қатысушылар аса ауыр қылмыс жасады. Тергеу барысы қазір бақылауда, нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз, – деді Әділов.
Еске салсақ, 10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтан маңындағы Көктал шағын ауданында азаматтық белсенді марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ пышақ жарақатын алып, қайтыс болғаны хабарланған еді.
qamshy.kz