jasqazaq.kz

Жаңатастағы бес баланың өлімі: Көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді

21 ақпан 2021, 15:16

19 ақпан күні бес бала қайтыс болған Жаңатастағы қайғылы оқиғаның жай-жапсарын көршілері айтып берді. Жақын маңдағы пәтерлердің тұрғындары балаларды құтқаруға тырысқан.

Өрт 3 қыз бен 2 ұлдың өмірін жалмады. Балалардың үлкені 6 жаста, ал кенжесі 7 айлық болды. Балалар көмірқышқыл газынан уланған. Көршілер оларды құтқаруға тырысты. Олар төрт баланы өз көліктерімен ауруханаға жеткізді, бірақ кеш болды. Кейін пәтерден тағы бір баланың денесін өрт сөндірушілер тапты.

«Мен өрт болған уақытта ас үйде отырғанмын. Балалар бұрынғыша ары-бері жүгіріп ойнап жүр деп ойладым. Сыртқа шықсам түтін будақтап жатыр. Бірден үйге кіріп, киініп, фонарь алып, үшінші қабатқа жүгірдім. Кіріп көмектеспекші болдым. Бірақ ол жерге кіру мүмкін емес еді», — деді көршісі Садық Егембердиев.

«Меннен дымқыл сүлгі беруімді өтінді. есікті ашайын деп жатыр екен деп ойладым. Артынша қарасам барлық жер көк түтінге оралыпты. Әйелдердің бірі кіріп, екі баланы шығарды. Өте жас, берекелі отбасы болатын. Ата-аналары ішпейтін, балалар да жап-жақсы киініп жүретін. Олар үш бөлмелі пәтерде тұратын», — деп қосты Алтынкүл Жамалбекова.

Еске салайық, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды. Өрт кезінде әкесі жергілікті ауруханада жұмыста болған, ал анасы дүкенге кеткен. Өрттің алдын-ала себебі, өрт жатын бөлмесінде өте тез тұтанатын материалға тиген. Балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Бұған дейін мемлекет басшысы оқиғағаға қатысты пікір білдіріп, отбасыға көңіл айтты.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия