jasqazaq.kz

Жаңашыл жастар – қозғаушы күш

13 тамыз 2018, 15:15

Көркем табиғатытң аясындағы «Зерен» демалыс орталығында «Digital-ұрпақ» республикалық жастардың жазғы білім лагері ашылды. Алдағы уақытта білім лагері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасын талқылаудың, іске асырудың алаңы болмақ.

Дүбірлі дүние алапат қарқынмен даму үстінде. Мәңгілік елдің болашағы болып саналатын жас толқын дамыған елдермен бәсекелестікке түсу үшін ең алдымен озық технологияларды қапысыз меңгерген болуы шарт. Ендігі арада еліміз онсыз алға жылжи алмайды. Сондықтан осы бастан қатты қам жеп, соны серпіліс жасауымыз керек болып тұр. Теңдессіз технологиялар дүмпуі бүгін сапына еріп, санатына қосылмасаң, ертең қолыңды қанша сілтесең де уысыңа түспей кетуі әбден мүмкін.
Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев пен Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мәуберлинованың ашылу салтанатында осындай салмақты ой айтты. Алдағы уақытта дәл бүгінгідей жастар жиындарын өткізуді, сөйтіп, жастар арасындағы толайым табыстарды насихаттап, кіл жүйрікті өзге замандастарына үлгі ету, олардың ақыл-кеңестерін, тәжірибелерін таратуды дәстүрге айналдыру қажет деген орынды ұсынысқа Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қолдау көрсетіп, әр жыл сайын Зеренді баурайы жастар зердесінің ұстаханасына айналатынын атап өтті. «Казконтент» акционерлік қоғамының төрағасы Евгений Кочетов та жасампаз болашақтың иелері қандай болу керектігін қолмен қойғандай етіп тәптіштеп айтып берді.
Жігерлері жалын атқан жастардың бой түзейтін, ой түзейтін темірқазық-нысаналары болуы шарт. Бір жақсы жері, бүгінгі жиынға ондай жастар да көптеп қатысып отыр екен. Бірнеше жобалардың, жаңашыл идеялардың авторларының есімдері аталып, қол жеткізген табыстары өнеге өзегіне айналды. Алдағы күндері олар жиынға қатысушы жастармен егжей-тегжейлі пікір алмасып, бағыт-бағдар береді. Ал үздік жобаларға жиынға ұйытқы болып отырған министрліктер тарапынан қолдау көрсетіледі. Бүгінгі бас қосудың ұтымды тұсы да осы. Өздерінің ақыл-ой, қабілет-қарымдарының арқасында қазірдің өзінде біршама табыстарға қол жеткізген дарынды жастар өздерінің қатарларын толықтыра түспек. Айналып келгенде, бұл мәңгілік елдің көксеген мұратын мәнді ететін ұмтылыс.
Мемлекетіміз бен қоғамымыздың көптеген салаларында жаңғыру жүріп жатыр. Жас жігер мол біліммен астасқан сәтте қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуімізге әбден болады. Бүгінгі күні біз дамыған елдермен бой таластыру үшін ұлтымыздың мол білімді болуы керек екендігін түсіндік. Міне, осы арада интеллектуалдық қабілеті зор, белсенді де жігерлі жастарға сенім артылады.
Жастардың жазғы білім лагеріндегі жұмыс үстіміздегі жылдың тамыз айының 12-і мен 26-ы аралығында өткізіледі деп жоспарлануда. Жұмыс үш тақырып бойынша ұйымдастырылмақ. Айталық, бірінші ауысым бірнеше тақырыпты қамтитын болады. Оның ішінде ең басты тақырып «Digital-ұрпақ» болса, екінші ауысым «Жаңғыру трендтері», үшінші ауысым «Бизнес сиқыры» деп аталады. Лагердің қатысушылары еліміздің әр қиырындағы жастар ұйымдарының көшбасшыларымен және ісін дөңгелетіп отырған жас толқын арасынан шыққан кәсіпкерлермен кездеседі. Оның үстіне «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының қатысушылары да бұл жұмыстан тыс қалмайды. Әр ауысымда жүз адамнан қамтылмақ.
Алдағы міндет – жастар саясатын жетілдіріп, жаңа технологияларды оқып-үйрену, тәжірибе алмасу болып отыр. Осы орайдағы тиімді тетіктерді жастардың әлеуетін дамытуға жұмылдыру көзделуде. Семинарлар мен тренингтер өткізіліп, тақырыптық жобалар әзірленіп, идеяларды іріктеу ұйымдастырылмақ.

Байқал БАЙӘДІЛОВ,
Зеренді ауданы
Ақмола облысы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде