jasqazaq.kz

Жанармайды аз тұтынатын көліктер салықтан босатыла ма?

22 қазан 2019, 14:43

Энергетика министрлігі шағын литражды көлік жүргізушілерін көлік салығынан босатуды ұсынды. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Біз шағын литражды көліктерді салықтан босату туралы ұсыныс дайындадық. Яғни, қозғалтқыш көлемі үшке дейінгі көлік жүргізушілері көлік салығын төлемейтін болады. Егер бензин акцизінің деңгейі өссе, әрине, бензин бағасы да өсуі мүмкін. Сондықтан, шағын литражды автокөліктер үшін көлік салығын жою керек немесе азайту керек деген ұсынысымыз бар. Оны ұлттық экономика министрлігіне енгіздік», — деді министр үкімет кулуарында.
Бозымбаев Қазақстанда бензиннің қымбаттауына еш негіз жоқ екенін қадап айтты.

«2024-2025 жылдардан бастап Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армениямен бір нарықта боламыз, арамызда ешқандай шектеу болмайды. Бәсекелі нарық болады. Бәсекелестік болса, баға тең болуы керек, ол түсінікті», — деді ол.

Айтуынша, қазір Ресеймен салыстырғанда, елімізде бензин 100 теңгеге, ал дизель отыны 50-60 теңгеге арзан.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда