jasqazaq.kz

Жанармай нарығындағы дау ушығып барады

07 қазан 2017, 10:43

Астана мен Алматыда ғана емес, бензин тапшылығы еліміздің барлық аймағында ушығып тұр. Жүргізушілер бірнеше апта бойы жанармай іздеп, сабылып жүргеніне қарамастан, үкімет әлі нақты шара қабылдаған жоқ,-деп жазды КТК арнасы.

Ал бас қаладағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» бекеттері бензинді әлі тек талонмен сатып жатыр.

«Неге екенін білмедім ол жағын. Екі жетіден бері талонмен сатып жатырмыз»,- дейді сатушы Қапаз Тілеужан.

Сондықтан астаналық көлік жүргізушілер бүгін де бензин таппай сабылып жүр. Жанармай құю бекеттері талоны жоқ темір тұлпарларды жолатпайды.

Елордадағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің құны 150-154 теңге деп тұр. Алматыда да баға осы жобалас. Оңтүстік астанадағы жүргізушілер де жанармай жоқ деп шулап жүр.

Ал Атырау облысында жанармай тапшылығы аса байқалмағанымен, бағалары әртүрлі – 146 мен 150 теңге. Бірақ, кейбір ұсақ бекеттерде АИ-92 жоқ. Ресейлік АИ-92 көпшілігінде жоқ.

«Мұнайлы астанада тұрып жатырмыз, ұяттау енді. Мұнай арзандап жатыр, ал бізде бензин қымбаттатып»,-дейді көлік жүргізушісі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық