jasqazaq.kz

Жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды (видео)

11 қантар 2021, 19:06

Петропавлда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарады.

Дереккөз мәліметінше, күдікті ұсталды.

11 қаңтарда полицияға Әуезов көшесіндегі жанармай бекеттерінің бірінде сағат 1.30 шамасында белгісіз қылмыскер терезені сындырып, кассадан 40 мың теңге ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бейнебақылау камераларына орта жастағы ер адамның шыны ыдысты сындырып, ақшаны алып, белгісіз бағытта жоғалып кеткені түсіп қалған.

Күдікті Әуезов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Жедел уәкілдер келген кезде ол мас болған. Ұрланған ақшаның бір бөлігі алынған.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 191-бабының 3-бөлігі «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

https://youtu.be/L2tZ1D54uuc

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия