jasqazaq.kz

Жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

08 сәуiр 2020, 13:40

Шымкентте полиция қызметкерлері “Аvto Gaz Stations” жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады. Шамамен түнгі сағат 03.30-да бетперде киген екі күдікті ЖҚС-на басып кіріп, пышақпен қорқытып, операторды скотчпен орындыққа байлап, 90 000 теңгеге жуық ақшаны алып, қашып кеткен. Абай аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шабуыл жасағандар ұсталды. Айғақты зат – пышақ пен скотч алынды. Жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында ұсталғандардың Еңбекші ауданының аумағында жасалған ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі