jasqazaq.kz

Жанармай бекетін 40 секундта тонап кетті

21 қазан 2019, 12:50

Түркістан облысында екі адам жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған.

«Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Сайрам ауданындағы полиция бөліміне таңғы 5:45 шамасында жанармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түседі. Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері мен Сайрам аудандық тәртіп сақшылары бірден бағыт алып, оқиға орын алған жерге аттанады. Полицейлер аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді», — делінген хабарламада. Сол сәтте аталған орында жанармай бекетінің 3 қызметкері болған. Осылайша күдіктілердің бірі оператордың бетіне газ баллонды шашып, күзетшіге мылтық кезеп, кассир қызды қорқытып кассадағы 166 мың теңгені жымқырып кеткен. Ақшаны қолға оңай түсірген күдіктілер бекет маңында көлікте тосып тұрған үшінші сыбайласымен бірге бой тасалап үлгерген. «Күдіктілер 40 секунд ішінде жанармай құю бекетін тонап кеткен. Олар өте жылдам әрекеттенген. Бұл қылмыс алдын ала ойластырылған. Үш адам да жергілікті, оның біреуі бұрын сотты болған. Тергеу әрекеттері жалғаса береді», — деді Түркістан облысы криминалды полиция басқармасының басшысы Құрманбек Сахов.

ktk.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда