jasqazaq.kz

Жанармай бағасын өзара ымыраласып көтерген

05 қараша 2018, 22:21

Алматыда дизель бағасын қасақана көтергендердің қулығы әшкере болды Алматыда төрт ірі компания дизельдің бағасын өзара ымыраласып көтерген. Кәсіпкерлердің жымысқы әрекетін монополияға қарсы комитеттің қызметкерлері әшкере қылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тексеру барысында қаладағы «Royal Petrol», «Гелиос», «Газпром-нефть Қазақстан» және «Sinooil» жауапкершілігі шектеулі серіктестері бір-бірімен заңсыз келісімге келіп, сұйық отынның бағасын 5 ай бойы бірлесіп қымбаттатқан. Алайда, монополистер тұтынушылар құқығынын бұзған компанияларға тек ескерту хаттарын жіберумен шектелді. Тағы бір рет осындай заңбұзушылық қайталанса кәсіпкерлер табысының 3-5 пайызын айыппұл ретінде қазынаға төлеуі тиіс. Әйтсе де, компаниялар бағаны нарыққа сай шарықтаттық деп отыр. Айта кетейік, қазір қалада дизель отыны 191-193 теңге аралығында сатылып жатыр.

Тимур Кәленов, Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

-Олар сәуір мен тамыз айлары арасында қатарласып бірге бағаларды көтерген. Олардың айтуы бойынша, көтерме баға сондай болған. Біздің талдаудың нәтижесінде олар қалдықтарын ұстап, өсіргенін анықтадық.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді