jasqazaq.kz

Жанар Айжанова: Үндемей жатқаным — қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім

23 мамыр 2021, 17:10

Жанар Айжанова әже атанды. Жақында әншінің немересі өмірге келді. Әнші бақыттан басы айналып жүргенін айтып, көпшілікке қуанышын жеткізді.

«Ораза айының соңғы жұмасында таңғы тоғызда Айжұлдызым аман-есен босанып, қолыма Назарымды ұстап, бақыттан басым айналды. Содан бері үндемей жатқаным, қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім. Мен инстаға көп шықпай қалсам, реніжеміңздер. Немеремнің исіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Күнде шомылдырам. Аяқ-қолын керіп жаттығу жасаймын. Бесігіне бөлеймін. Қалай таң атып, қалай батқанын да сезбей қалам. Арасында Айжұлдыздың қалжасын беріп сорпалатамын. Ұсталарға тапсырып, үйден кәрі жілікті апарып беріп, немереме шүмек жасатып алдым. Жөргегі шешкен сайын көтенін иіскеп рахаттанамын. Әлдиімді айтып әндетсем жылағанын қойып тыңдайды. Осы күнді қалай күттім десеңші. Осы балаға ешнәрсе болмай аман-сау туса екен деп қасынан 9 ай қалмай еріп жүрдім. Әжемнен көрген әжелердің мектебін біртіндеп есіме түсіріп жатырмын. Қазақ ертегілерін сатып алып қойдым. Кішкене қатайса оқып беремін ғой. Ал ақ жаулықты әжелер, мені де қатарларыңызға қосыңыздар. Қош келдің, ботақаным. Жүрегім, тәттім — Назар немерем», — деп жазды Жанар Айжанова парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

oinet.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде