jasqazaq.kz

Жанар Айжанова құрақ көрпе тігіп, қандай қуанышқа дайындалып жүр?

06 тамыз 2018, 16:21

 

Танымал әнші Жанар Айжанова өз қолымен құрақ көрпе тіккенін айтты. «Шеше көрпе қопсытса, қыз кетеді деуші еді», – дейді әншінің өзі.
Stan.kz. жазғандай, өз қолымен құрақ көрпесін жаңартқан Жанар Айжанова қандай қуанышқа дайындалып жүр?   Жанар Айжанованың сөзінше, ол базарға барып, мата сатып алып, үйіндегі 8 көрпенің тысын өз қолымен тігіп шыққан. Көк инені артынан түртпейтін әйел болмайды,– дейді әнші.
«Бір пысықтығым ұстап кетпесі бар ма. Базарға бардым, матаны таңдап жүріп алдым. Ұзын сөздің қысқасы, 8 көрпенің тысын ауыстырып, дайындап қойдым. Енді бір қолым тигенде қалған көрпелерімді де жасап алармын, бұйырса», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Әншінің өзі бұл әрекетін жақсылықтың нышанына балаған. Ол жалғыз қызы Айжұлдызды құтты орнына қондыратын қуанышты күнін күтіп жүрген тәрізді.
«Шеше көрпе қопсытса, қыз кетеді деуші еді. Бір жақсылықтың нышаны шығар деп жорып қойдым. Алла біледі, пендесінің ойы ғой. Айтайын дегенім қыздар ерінбеңдер, көк инені артынан түртпейтін әйел болмайды. Тек ынта болса болғаны. Мен де шебер емеспін, бірақ анда-санда жамау жамайтыным бар», – дейді Жанар Айжанова.
Айта кетсек, әншінің жалғыз қызы бар. Қызы Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке актрисалық қырымен де танымал.

МЫНА АҚ МАШИНКАНЫ ТОЙДА ҰТЫП АЛДЫМ, АЛ ҚАРА ҚОЛ МАШИНА 30 ЖЫЛДАН БЕРІ ӨЗІММЕН АРҚАЛАП ЖҮРГЕН ДҮНИЕМ. СОДАН БІР ПЫСЫҚТЫҒЫМ ҰСТАП КЕТПЕСІ БАР МА. БАЗАРҒА БАРДЫМ, МАТАНЫ ТАҢДАП ЖҮРІП АЛДЫМ. ҰЗЫН СӨЗДІҢ ҚЫСҚАСЫ, 8 КӨРПЕНІҢ ТЫСЫН АУЫСТЫРЫП, ЧИКИ-ЧИКИ ҚЫЛЫП ҚОЙДЫМ. ЕНДІ БІР ҚОЛЫМ ТИГЕНДЕ ӘУП ДЕСЕМ, ҚАЛҒАН КӨРПЕЛЕРІМДІ ДЕ ЖАСАП АЛАРМЫН БҰЙЫРСА. ШЕШЕ КӨРПЕ ҚОПСЫТСА, ҚЫЗ КЕТЕДІ ДЕУШІ ЕДІ. БІР ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ ШЫҒАР ДЕП ЖОРЫП ҚОЙДЫМ. АЛЛА БІЛЕДІ, ПЕНДЕСІНІҢ ОЙЫ ҒОЙ. АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ ҚЫЗДАР ЕРІНБЕҢДЕР, КӨК ИНЕНІ АРТЫНАН ТҮРТПЕЙТІН ӘЙЕЛ БОЛМАЙДЫ. ТЕК ЫНТА БОЛСА БОЛҒАНЫ. МЕН ДЕ ШЕБЕР ЕМЕСПІН, БІРАҚ АНДА-САНДА ЖАМАУ ЖАМАЙТЫНЫМ БАР.

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық