jasqazaq.kz

Жанар Айжанова екінші күйеуі жайлы айтып берді

04 сәуiр 2019, 10:41

Күйеуінен ерте айырылған Жанар Айжанова жесірліктің ащы дәмін ерте тартқан. Екінші рет тұрмысқа шықпас бұрын ұзақ ойланған. Алайда жолында кездескен азаматы қызына қамқор болған соң, тағдырын сеніп тапсырған. Бүгінде бақытты, бұл ісіне еш өкінбейді.

Бұл туралы Айжанова Аман Тасығанның Talk Like жобасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Айжанова екінші рет тұрмыс құрмас бұрын оң-солын саралап, әбден таразыға салғанын жасырмайды. Айтуына қарағанда, аузы бір рет күйген әйел екінші мәрте тек махаббатпен күйеуге шыға салмайды. «Махаббатпен тұрмысқа шықтыңыз ба әлде арқа сүйейтін азамат керек болғандықтан ба?» деген сауалға әнші:

«Бұның дәл жауабын мен сияқты азаматынан ерте айырылған, жесірліктің, баласы жетімдіктің ащы дәмін татқан, өмірден қиыншылықты көрген адамдар ғана айта алады. Әрине, керек емес деп жүре беруіме болар еді. Бірақ бойдақ әйелдің есігін кім қақпайды? Барған жеріңде қисық күйеулерін қызғанып, аузы қисайып отырады. На зло шығып алдым. Азаматым жаман емес, мен соқыр емеспін. Өзіме жар болатын, қызыма әке болатын адам.

Қазір төрт құбыламыз тең. Ортамызда қызымыз, әп-әдемі өмір сүріп жатырмыз. Құдай көз жасымды көрді, азаматты берді», — деп ағынан жарылды Айжанова.

Әншінің сөзіне сенсек, қазіргі күйеуі Ерболат ол дегенде ішкен асын жерге қояды. Тіпті: — Оның көзқарасы бойынша менен ақылды, менен әдемі әйел жоқ, — деп сеніммен айтты Айжанова.

Жанар Айжанова екінші күйеуі жайлы: Мен дегенде ішкен асын жерге қояды»Айжұлдыздың бір ғана әкесі болды. Ол — Ерболат. Ол басқа ештеңені білгісі де, көргісі де келмейді. Маған айтпаған сырын соған айтады, таңдаған сол ғой басында. Ақылды ер азамат баланы жағалап, соған қамқор болып, азамат екенін дәлелдейді. Әйел адам балаға қалай қарайды деп қорқақтап, көп қазақтың әйелдері содан қалып қояды. Ақылды ер азамат бірінші өзінің әке болатынын көрсетеді. Сонда әйелдің сенімділігі артады, әйел сенеді. Сөйтіп бірінші Айжұлдыз тауып берді», — дейді Айжанова.

Айтуына қарағанда, Айжұлдыз марқұм әкесінің туыстарымен, әжесімен араласып тұрады. Алайда есін білгелі көрген азаматты туған әкесіндей көреді.

«Біздің үйде күйеуім қайтыс болды, Айжұлдыздың әкесі жоқ деген әңгіме жоқ. Сырт көз бізге қайта-қайта айтады. Менің бір-ақ күйеуім бар, қызымның бір ғана әкесі бар. Өткенге несіне қарай береміз? Өткенге қарасақ, менің өлуім керек еді», — дейді Айжанова ағынан жарылып.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда