jasqazaq.kz

Жаңаөзенде оқ атылды (видео)

22 маусым 2020, 14:26

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласындағы атыс оқиғасының видеосы тарады. Куәгерлер тапа-тал түсте атыс болғанын айтады. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселе бойынша полицияның кезекші бөліміне ешқандай қоңырау түскен жоқ. Соның өзінде құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысы бар автокөлікті анықтады», — деді жергілікті полиция өкілдері.
Видеода екі жас жігіт жол талғамайтын көлікке қарай жүгіреді. Айқай-шу мен оқ атылғанға ұқсас дыбыстар естіледі. Ер адамның бірі қаруды орнына жұлқына қозғалып жатқан көліктің артқы есігінен салып, өзі басқа жаққа қарай қаша жөнеледі.

Видеоның авторы оқиға орнында қан ізі қалғанын айтады.

Ақпарат көзінің дерегінше, Жаңаөзен қалалық ауруханасына осы оқиғаға ұқсас жағдаймен ешқандай шағым түспеген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия