jasqazaq.kz

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты (Видео)

30 маусым 2021, 23:04

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. «Кезби» серіктестігінің 500-ге жуық жұмысшысы жалақыны көбейтіп, әлеуметтік жағдайды реттесін деген талап қойған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Асқар Мамин, Үкімет басындағылар, біздің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, өзіміздің заңды құқығымызды қорғауды сұраймыз. Қолдайсыздар ма, жігіттер?

— Қолдаймыз!

«Өзенмұнайгаз» компаниясына сервис қызмет көрсететін «Кезби» серіктестігінің жұмысшылары таңнан бері наразылық білдіруде. Техникаларын қаңтарып қойып, жұмысты мүлде тоқтатып тастаған. Себебі, жұмыс беруші Еңбек кодексін бұзып, заңды белшеден басып отыр дейді жиналғандар. Мұнай ұңғымаларына күрделі жөндеу жүргізетін жұмысшылар тәулігіне 11 сағат жұмысқа жегіледі екен. Алатын айлығымыз 200 мың теңгеден аспайды дейді. «Өзенмұнайгазда» істейтіндердің жалақысы бізден үш есе көп деп налып отыр. Тіпті техникалар тозып, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге еш жағдай жасалмаған көрінеді. Ал жергілікті әкімдік жұмысшылардың талабын жақын арада шешеуге тырысамыз дейді.

Ғалым Байжанов, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

— Арыз-талаптарды қазір, тез арада шешу үшін жұмыс беруші арасында арбитражды комиссия құрылып жатыр. Сол арбитражды комиссияда барлық арыз-талаптар заңда белгіленген мерзімде қаралады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия