jasqazaq.kz

Жаңаөзенде егіз жұптар үйленді

24 қыркүйек 2019, 15:17

Бір-бірімен бас қосқан екі егіз жұптың ерекше тойы Жаңаөзенде 22 қыркүйек күні өтті. Егіз жігіттердің анасы Гүлбаршын Исаеваның айтуынша, отбасы Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында тұрады.

Оның 26 жастағы ұлдары Жаулы мен Жары өмірлік серіктерін өздері сияқты ана құрсағынан бір мезетте туған егіздерден таңдап алыпты.

«18 жасқа келіп, бой жетіп отырған Жанар мен Шынарды көргенде менің ұлдарым оларды бірден ұнатып, жақын араласа бастады. Кейін кездесуге шақырып, ғашық болды. Күндердің күнінде үйге келіп өз алдына отау құрғалы жүргендерін жеткізді, болашақ келіндеріммен таныстырды», – дейді ене.

Осылайша тел қозыдай қатар өскен қос бауыр тату-тәтті абысынға айналды. Жаңа түскен келіндер әлі студент. Бірі – банк саласы бойынша білім алып жатса, екіншісі – дәрігер атанып, дертті жанға көмек қолын созуды мақсат тұтқан.

«Бажайлап қараса, қыздардың бір-бірінен айырмашылығы барын байқайсыз. Бірі – кекілді кербезім болса, екіншісі – ақмаңдайлы аруым. Мен өз перзенттерімді ешқашанда шатастырып көрмеппін. Бала кезден әрқайсысының тек өзіне тән қылығы бар», – дейді Гүлбаршын.

Қуанышты хабарды естісімен әулетте тойға қызу дайындық жүрді. «Екі той болды, алдымен қалыңдық тарапы, кейін күйеу жігіт жағы дүркіретіп тойлады. 400-ге жуық қонақ келді», – дейді егіз ұлдардың анасы.

Ақпарат көзі: inaktau.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде