jasqazaq.kz

Жаңаөзенде баспананың едені опырылып жұрттың үрейін ұшырды

09 қантар 2019, 10:56

Үрейлі үй. Жаңаөзендегі көпқабатты баспананың едені опырылып, қабырғасы қақырап жатыр. Тұрғындар 40 жыл бұрын салынған үйді апатты деп тапсын деп әкімдікке талаптарын ашына айтуға барды. Бірақ, атқамінерлер жағдай ушығып тұрғанмен шешім қабылдауға асығар емес. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Опырылған еден елдің зәресін ұшырған. Құдды бомба түскендей дауыс шыққан. Бірінші қабаттағы пәтердің плитасы жертөлеге жетіп жарылған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жеткен атқамінерлер бәрі дұрыс деп қайта кеткен көрінеді.

Амангелді Бөлеков, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

-Бала-шағамның бәрін жан-жаққа жібердім. Жеті отбасы болып тұрамыз. Кеше жалған ақпарат берді әкім үйге орналастырдым деп. Көмек жоқ ешқандай.

Алпыс пәтерлік үйдің тұрғындарынан ұйқы қашқан. Мұнда түнемек түгілі, кіруге қорқады. Ашынған адамдар әкімдікке жиналып, мәселелерін жайып салып, жауапсыздықтарын беттеріне басты. Көзімен көрсе де, өзге пәтерлерді апатты деп танитын «көріпкел емеспін» деген әкімдіктегілер бұқара базынасына бастарын да қатырмайтындай. Сараптама өткеннен кейін ғана қорытынды жасаймыз деп отыр.

Ғалым Байжанов, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

-Мен гарантия бере алмаймын. Біз Алла емеспіз. Бір Алланың қолында. Енді тыңдаңыз. Кеше тиісті комиссияны құрдық. Өзіңіз болдыңыз, куә болдыңыз. Тиісті шараларын қабылдадық. Қазір міне мекемесін белгіледік істейтін.

Комиссия қорытындысы ай шамасында шығады. Оған дейін үрейлі үйден үріккен тұрғындардың көбінің қайта кіргісі жоқ. Көбі, туған-туыстарына көшіп жатыр. Сақтансаң сақтайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық