jasqazaq.kz

Жаңақорғанда сиыр үш бұзау туды

10 наурыз 2019, 15:27

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Әлімхан Данияровтың сиыры бірден үш бұзау туды. Бұл — сирек кездесетін құбылыстың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлімхан Данияров мал өсірумен айналысады. Биыл қара сиыры бірден үш бұзау туып, елді таңырқатып отыр. Қазақ халқының тыныс-тіршілігінде мұндай жағдай кездесіп жатады.

«Бұзаулардың жағдайы қалыпты болды. Екеуі бірден-ақ аяғынан тұрып кетті, үшіншісіне еміздік арқылы сүт бердік», — деді Әлімхан Данияров.

Қазақ халқында малдың амандығы үшін артық туғанын жақын-жуығына таратып беретін ырым бар. Ауыл тұрғыны да осындай ырымға сүйеніп, таныстарына екі бұзауды үлестірді. Бұл жағдай жергілікті ветеринария мамандарын да таңғалдырып отыр.

Мұндай жағдай Қызылорда облысында алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2013 жылдың қараша айында Шиелі кентінде де сиыр үш бұзау туған еді.

Сондай-ақ, екі жылдай бұрын әлеуметтік желіде елімізде төрт бұзау туған сиыр туралы видео таралған болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда