jasqazaq.kz

Жаңақорғанда қалың қардан 50 уақ мал қырылды

16 наурыз 2021, 10:45

Жаңақорғанда қойшылардың қар астында шамамен 50-ге жуық малы қалып қойды. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

— Тау беткейінде орналасқан Сүттіқұдық, Қосүйенкі , Қыраш ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарына тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонынан 6 қызметкер, 1 техника, ал аудан әкімдігінен 8 қызметкер , 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5383 уақ мал болғандығы анықталды. Алайда бұл нақты сан емес. Бүгінде комиссия құрылды. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін боламыз,-деді Руслан Сламбекұлы.

— 12,13, наурыз аралығында ауа райы күрт құбылып, 246 шақырымды құрайтын Қызылорда-Түркістан автожолы екі мәрте жабылды. Шиелі, Жаңақорған ауданында 11 техника жұмылдырып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысына кедергі жоқ. Апаттық жағдай орын алмады, -деп қосты «ҚазАвтоЖол» ҰҚ»АҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлыбек Үсенов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия