jasqazaq.kz

Жаңа жылдан бастап бензин қымбаттайды

26 қараша 2019, 0:09

Жаңа жылдан бастап бензин бағасы өсетін болды. «Бірақ бұл нарыққа қымбатшылық әкелмейді» деп, бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенаторларды осылай сендіруге тырысты. Есесіне, оның үлкен пайдасы бар екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Ресей нарығын арзан бензинмен тойдырып отыр. Ал өзі Еуропаға қымбат бағамен экспорттайды. Сайып келгенде, көршіміз көзді бақырайтып қойып, біздің арзан бензин арқылы «пайданы күреп тауып отыр» дейді министр Дәленов. Ал оны реттеудің жолы – акциз бағасын көтеру. Бүгінде бұл мәселе бойынша министрлікте қаулы жобасы жасалып жатыр. Онда бензиннің литріне 10 теңге қосу көзделген.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

— Есептеп қарадық. Бұл инфляцияға немесе шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының өнімдерінің өзіндік құнына қатты әсер етпейді. Бүгінде акциздің едәуір үлесін мұнай өндіретін, өңдейтін және нарыққа шығаратын компаниялардың кірісі мен шығыны алып отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда