jasqazaq.kz

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі наурыз айынан бастап беріледі

11 қантар 2020, 13:05

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдың 1 наурызынан беріле бастайды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Айта кетейік, Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді.

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгісінде айтарлықтай өзгерістер болған.

Атап айтқанда, былтыр қараша айында жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап берілетіні жарияланған еді.

Алайда жақында ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бұйрығы әзірленіп, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін беру мерзімі 2020 жылдың 1 наурызына дейін уақытша тоқтатылған.

Қазіргі уақытта ескі үлгідегі жүргізуші куәліктері беріліп жатыр.

Тоқтату тұру туралы бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік назарына ұсынылған. Онда қоғамдық талқылаудың мерзімі 22 қаңтарға дейін белгіленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде