jasqazaq.kz

Жаңа түскен келін беташар орамалымен келіп дауыс берді

09 маусым 2019, 15:16

Шымкентте жаңа өмірге қадам басқан жас келін дауыс беруге беташар орамалымен келді. Бұл ақпаратты қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

«Бұл Шымкент! Жас отау құрған жастар және беті ашылмаған келіншек» деп жазды әкім желідегі жеке парақшасында. Шаһар басшысы сонымен қатар сайлауда дауыс беріп жатқан жас жұбайлардың фотосын да жүктеді. Айта кетейік, жаңа түскен келіншек Ақжайық мөлтекауданындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. Шым шаһарда 260 сайлау учаскесі ашылып, оларда бас-аяғы 568 мыңнан аса адам дауыс беру құқығына ие болған.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде