jasqazaq.kz

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен көкек ана сотталды (видео)

08 шiлде 2020, 10:17

Жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырып кеткен тасжүрек ана 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Қостанай соты бүгін осындай үкім шығарды. Сот, жиырма жеті жастағы келіншектің екі жасөпірім баласы бар екенін ескеріп отыр. Көкек ана болса, «Шақалақ өлі туылды деп ойладым», деп ақталып отыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа туған сәбиге жедел медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндігі бола тұра, ол көмекке жүгінбеді.Соның салдарынан бала көз жұмды.Сәбиге суық тиген. Сот оның әрекеттерін қылмыстық кодекстің 104 бабы бірінші бөлігі бойынша дәрежелеген.

Еске салайық, шақалақтың денесі былтыр қараша айында «Әуежай» ауданындағы қоқыс жәшігінен табылды. Қара сөмкеге салынған сәбиді аула сыпырушысы аңғарып қалып, полиция шақыртқан. Баласын тастап кеткен көкек ана Қостанайда аз емес. Соңғы жылдары ғана облыста осындай үш жантүршігерлік жағдай тіркеліп отыр. Тас жүрек аналардың бірі баласын құдыққа тастап кетсе, енді бірі нәрестесін молаға қалдырып кеткен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия