jasqazaq.kz

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған

29 қантар 2021, 10:04

Атырау облысында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған. Жәшікке салынған нәрестенің өлі денесін тәртіп сақшылары жас босанған әйелдің үйінің маңынан тауып алды. Безбүйрек ана мұндай қадамға неге барғанын түсіндіре алмады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға облыс орталығынан 250 шақырым жердегі Сағыз ауылында болған. Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның жас босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты таппаған. Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп іздеуге кіріседі. Үй маңын тінткен кезде қоқыста жатқан нәрестенің өлі денесі табылған. 35 жастағы келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, дәрігердің есебіне тұрмаған екен. Қазір безбүйрек ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеліп жатыр.

Досбол Бағытжанов, Қызылқоға ауданының прокуроры:

-Гинекологтар қарап, жас босанғанын анықтады. Келесі күні баланы берген жоқ. Нәрестені іздегенде өзінің тұрғылықты жерінен 100 метр жерде қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды. Әйел үйінің дәретханасында босанған. Баланы қарап, оның толыққанды, биологиялық дамыған бала екені анықталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде