jasqazaq.kz

Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды

06 ақпан 2020, 10:07

Сәрсенбі күні Қытайдың Ухан қаласында (Орталық Қытай, Хубэй провинциясы) жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Сәби дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Ухандағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтималдығын қарастыруда. Соңғы деректер бойынша (5 ақпан күні сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) 28 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны расталды, оның 563-і қайтыс болса, 1 153-і ауруханадан шығарылды. Соңғы тәулікте 3 694 адамға ауру жұққаны анықталған. Олардың 73-і қайтыс болған (Хубэй провинциясында-70, Хэйлунцзянда – 1, Гуйчжоуда — 1, Тяньцзиньда -1). 261 адам ауруханадан шықты. Қазіргі уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр, 186 мыңы медициналық бақылауға алынған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия