jasqazaq.kz

Жаңа туған нәрестені пакетке іліп кеткен

04 мамыр 2019, 17:09

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде полтиэтилен пакетіне оралған нәресте табылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

Тұрғындар көшеде іңгәлаған нәрестенің дауысын естиді. Сол сәтте оны көшедегі мысықтар жеуге оқталған екен. Соны байқаған тұрғындар дереу көмек шақырған. Тіпті нәрестенің кіндігі де кесіліп үлгермеген. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, тәртіп сақшыларына хабар берді. Қазіргі таңда көшеден табылған нәресте аудандық аурухананың перзентханасына жатқызылды. Оған дәрігерлер Рамазан деп есім қойып үлгерді. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Бақытгүл Алишеваның айтуынша, алған анализдер бойынша нәрестенің денсаулығы қалыпты, оның салмағы 2 келі 700 грам. Қызылорда қаласындағы сәбилер үйіне өткізу мақсатында құжаттар дайындалып жатыр. Қазалы ауданының әкімдігі аталмыш оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық