jasqazaq.kz

Жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен

08 маусым 2020, 9:38

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.

7 маусым сағат 10:00 шамасында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Ақсукент ауылының көшелерінің бірінде сүлгіге оралған күйде жылап, нәресте жатқанын жөнінде хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан. Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, қазір баланың жағдайы жақсы. Осы дерек Сайрам АПБ-на ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерімен анасы іздеп, қажетті шараларды жүргізді. Қорытындысында анасы анықталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дәрігердің анықтамасына сәйкес жас нәресте – қыз, салмағы 2.75 кг, бойы 52см, азиат нәсілді, рия туылғанына 4-5 сағат болған.

Ақпарат көзі Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде