jasqazaq.kz

Жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды

20 наурыз 2022, 15:21

Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлыстың ұлы қарсаңында жаңа туған сәбилерді перзентханадан ұлттық киіммен шығару жыл сайынғы дәстүрге айналған. Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталды бөлімшесінде дүниеге келген он бала қазақша нақыштағы киіммен үйлеріне жіберілді.

«Осы күндері кіндігі кесілген нәрестелермен қатар, айдың басында туған егіздерді де күтіп, барлық қажетті неонатологиялық көмек көрсеттік. Олар өмірге келгенде салмақтары бар-жоғы 1 200, 1300 грамм болатын. Нәрестелерімізге мол денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», — деді аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаров.

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тұрғыны Ақмарал Закариянова мереке күндері төртінші рет ана атанып отыр.

«Тосынсыйды үлкен таңданыспен қабылдадық. Шығуға жиналып жатқанда бізге осы тамаша ұлттық киімді сыйға тартты. Наурыз мейрамы құтты болсын!», — деді Ақмарал.

№2 Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбековтың айтуынша, ең әдемі киім – ұлтыңның киімі.

«Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де ерекше. Ұлттық киім ата-бабамыздан қалған ғажап мұрамыз, асыл қазынамыз. Өскелең ұрпаққа дәстүрлерімізді дәріптеу — біздің міндетіміз. Әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке әкелсін», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде