jasqazaq.kz

Жаңа туған нәресте COVID-19 жұқтырды

15 сәуiр 2020, 22:34

#үйдеотыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында 80 бала бар. Оның біреуі — жаңа туған нәресте болса, екеуі — жасқа толмаған.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтып берді.

«Бір жасқа дейінгі екі бала Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұрады. Ал жаңа туған нәресте — Алматы облысында тіркелді. Бала мен ана перзентханадан шыққан соң, бірге тұратын туысынан инфекция жұқтырған. Науқаспен байланыста болғандар ретінде тексеруге алынып, кішкентай шақалақтың да ауру жұқтырғаны анықталды. Қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы қанағаттанарлық», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, инфекция жұқтырған балалардың 80 пайызында, яғни 63 балада ауру жеңіл өтіп, еш симптом білінбеді. 17 балада дене қызуы мен белгілі бір интоксикация байқалған.

Әзірге екі бала ауруханадан шығарылып, үй карантинінде жатыр.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі