jasqazaq.kz

Жаңа туған баласын өлтірген студент қыз сотталды

08 ақпан 2021, 16:38


 Батыс Қазақстан облысында өзінің жаңа туған сәбиін өлтірген жас әйелге қатысты үкім шықты.
Қайғылы оқиға өткен жылы болған. Қыркүйек айында Қазталов ауданының 19 жастағы тұрғыны өзінің танысынан аяғы ауыр екенін біледі. Ол кезде жүктілік мерзімі шамамен алты айға жуықтаған. Педагогикалық колледждің студенті баланың әкесіне жүктілігі туралы айтқанда, ол жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Студент қыз ата-анасының қаһарынан қорқып, бұл жағдай туралы басқа ешкімге тіс жармады. 23 қарашада оның іші ауыра бастаған. Осы уақытта оның анасы дүкенге бару үшін сыртқа шығып кетті. Ал қалған туыстары өз бөлмелерінде болған. Сол уақытта ол үйдің дәлізінде тірі ұл босанады (жүктілік мерзімі – шамамен сегіз жарым ай). Ол есеңгіреген күйде баланың кіндігін қайшымен кесіп, жаңа туған сәбиді целлофан пакетке салып, аузын буып, жеке үйдің сарайында орналасқан даладағы дәретханаға тастаған. Одан соң едендегі қанды жуып-шайып, өзі де жуынып, төсегіне жатып қалған. Дүкеннен қайтып келген қыздың анасы қызының өзін жайсыз сезінгенін көріп, күйеуімен бірге оны ауруханаға алып кетеді. Медициналық мекеме бұл оқиғадан хабардар болды, делінген үкімде. Бірақ, бұл уақытта пакеттегі шақалақ тұншығып, көз жұмған еді. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Қыз жігітінің бала үшін жауапкершілікті қабылдаудан бас тартқанын, ал өзінің ата-анасынан қорыққанын айтты. Ол қылмыстық кодекстің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде