jasqazaq.kz

Жаңа телефон алу үшін егіз ұлын сатып жіберген

10 қыркүйек 2019, 12:26


Сәбидің әкесі олардан бас тартқан, ал әлгі әйелдің ата-анасы болса балалар некесіз дүниеге келгендіктен, көмектескісі келмеген.
Қытайдың Чжэцзян провинциясында туған баласын сатқан ана ұсталды. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған sn.kz хабарлады.  Аталмыш сауда келісімі 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Әйелдің сөзінше, ол мұндай қылмысқа өтелмеген қарыздары және ақшасының жоқтығынан барыпты. Сәбидің әкесі олардан бас тартқан, ал әлгі әйелдің ата-анасы болса балалар некесіз дүниеге келгендіктен, көмектескісі келмеген.

Әйел егіз ұлын сатып, 65 мың юань көлемінде ақша алған. Дәл сол кезде сатылған балалардың әкесі қайта хабарласып, қарыздарынан құтылу үшін ақшаның жартысын бөлісуге үгіттеген. Одан қалған ақшаға әйел жаңа телефон алып, несиесін төлеген.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаны мұнан өзге тергеу жұмыстары кезінде анықтаған. Олар сатылған баланың әкесін де, шешесін де тұтқындаған. Ал егіздерді Аньхо провинциясынан тауып, әйелдің ата-анасының тәрбиесіне беріпті.

2018 жылы танымал гонгонгтық актер Джордан Чань өзінің бауырын көп жылдар бұрын ата-анасы ақшаға сатқанын мәлімдеген болатын. Атақты актер бауырын іздеп табуға тырысқан, алайда онысынан еш нәтиже шықпапты.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде