jasqazaq.kz

Жаңа өнім таныстырылды

05 желтоқсан 2019, 22:50

    Әр отбасындағы ас мәзірін сұйық май, қара бұрыш, майонезсіз елестету мүмкін емес. Ал күнделікті тұтынатын осындай тағамдардың қалай шығатыны бізге беймәлім. Осы орайда алматылық БАҚ өкілдері Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингінің зауытында болып, ондағы өнімдердің тұтынушыға жеткенге дейінгі процесімен танысты. Бұл компания еліміздің  тамақ өнеркәсібі саласында жетекші орын алады. Жұртқа танымал «3 желания», «Шедевр» және «Златые горы» бренд өнімін өндіруші болып табылады.

Журналистер ең алдымен өндіріс ошағының техникалық қауіпсіздік ережесімен танысты. Арнайы киім кигеннен кейін, зауыттың сапаны бақылау зертханасын аралады. Бұл жерде зауыт шығаратын өнімнің сапасы мен құрамы жіті тексеріледі. Одан кейін сапар аясында зауыттағы өнімнің қалай шығатынын, қорапқа қалай салынатынына дейінгі жұмыс процесімен танысты. Өнім дайындау процесі толығымен автоматтандырылған. Құрылғы өндірістің барлық технологиялық процесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Зауыттың ішкі  жұмысымен танысқаннан кейін, журналистер жаңа бірегей өнім – «Мерекелік Провансаль» бие сүтінің дәмі бар қазақстандық алғашқы майонездің дәмін татты. Зауыт басшылығы мен технолог мамандар журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді.

Eurasian Foods Corporation инновациялық технологиялық зертханасының бастығы Руслан Шілдебаевтың айтуынша, ұлттық ас үйі дәстүрлерін әспеттейтін бірегей майонезді жасаудың шығармашылық процесі бір жылға жуық уақыт алған. Ол: «3 желания» бренді майонездері құрамында табиғи сүттің бар болуымен әрдайым ерекшеленді. Майонездегі сүт өте маңызды ингредиент, кеңес дәуірінде осы компонент кіретін Провансаль рецептурасы әзірленді. Бұл қадам өнімнің биологиялық құндылығын арттыру мақсатында жасалды. Сонымен қатар сүт «3 желания» майонезінің дәмдік сапасын жақсартады, оны жұмсақ және толыққанды етеді. «Мерекелік Провансальдегі» бие сүті басқа табиғи ингредиенттермен – жұмыртқа сарысы мен күнбағыс майымен керемет үйлеседі. Біздің жаңа өніміміз салаттарға қосу үшін, бірінші және екінші тағамдарға дәмдеуіш ретінде үйлесімді келеді», – деді.

Майонез компания кәсіпорындарында дәстүрлі «ыстық» тәсілмен өндіріледі, оның негізінде пастерлеу процесі жатыр. Бұл тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және консерванттарды пайдаланбай өнімді сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Eurasian Foods Corporation АҚ бас технологы Марина Пактың айтуынша, мұндай технология көптеген бәсекелестердің пайдалануымен салыстырғанда өндірістің неғұрлым ұзақ әрі шығынды процесін қамтиды. Ол: «Мұны үнемдеудің жолы деп есептемейміз. Біз сапа дәстүрлерін ұстанамыз және майонездерді классикалық «ыстық тәсілмен» өндіретінімізді мақтан тұтамыз», – деді.

Eurasian Foods Corporation өкілдері тарихы 1962 жылдан басталатын өндірістің трансформациясы туралы журналистерге баяндады. Кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес, Алматы зауыты бүгінде майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер мен күнбағыс майын шығаруға маманданған. Нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру және дайын өнім шығару көлемін ұлғайту үшін технологиялық және қосалқы жабдықтарды жаңғырту мен жаңарту және жаңа технологияларды енгізу тұрақты түрде жүзеге асырылады. Соңғы он жылда өндірісті дамытуға арналған инвестиция  80,5 млн доллардан асты. Бүгінде 3000-ға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін холдинг құрамына саланың екі ірі кәсіпорны – Алматыдағы Eurasian Foods Corporation АҚ және Қарағандыдағы Eurasian Foods АҚ зауыттары кіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша холдинг шығаратын өнім көлемі 140 000 тоннадан асты.

Eurasian Foods Corporation өнімінің жоғары сапасы мен тамаша дәмін тек қазақстандық тұтынушылар ғана бағалап қойған жоқ. Көп жылдар бойы кәсіпорын алыс және жақын шетел нарығында – Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан мен Моңғолияға өнім  жеткізеді. 2018 жылы холдинг 19 мың тонна өнімді экспорттады немесе ол жалпы өндіріс көлемінің 13 пайызы.  Соңғы бес жылда экспорт көлемі 56%-ға өсті. Astana Agro-2018 форумының қорытындысы бойынша Eurasian Foods Corporation холдингі елімізде өнім экспортының көшбасшысы болып танылды.

Eurasian Foods Corporation АҚ басқарма төрағасының орынбасары Иван Колесников айтқандай, Алматы қаласындағы кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 мың тоннаны құрайды, оның ішінде соус тобы бойынша – 65 мың тоннадан асады. Ол: «2019 жылдың жазында холдинг құрамына Петропавл сүт зауыты – «Молочный союз» ЖШС кірді. Кәсіпорын 1929 жылы құрылған. «Сүт одағымен» шығарылатын өнім тек аймақпен қатар, басқа өңірлерге де танымал. Қазіргі уақытта кәсіпорынды ауқымды жаңғырту және ірімшік сұрыпталымын кеңейтуге баса назар аудара отырып, сүт өнімдерінің сұрыпталымын жаңарту жоспарлануда», – деді.

Eurasian Foods Corporation тұтынушылардың қалауына сәйкес өнімнің сұрыпталымын үнемі кеңейтеді және жетілдіреді. Компания қоржынында 200-ден астам өнім түрі – майонез, кетчуп, тұздық, дәмдеуіш, сарымай және өсімдік майлары, маргарин, дәмдеуіштер, кондитерлік өнімдер бар. Компанияның мақсаты – өнімнің жоғары сапасын және оны өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мақпал Ноғайбаева

Фото Елена Северина

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда