jasqazaq.kz

Жаңа «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті ашылды

29 қыркүйек 2018, 17:02

Ауқымды жоба Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

Қазақстан мен Қытай шекарасында 2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Нұр Жолы» (ҚР)-«Қорғас» (ҚХР) бақылау-өткізу пункті ашылды. Ашылу жиынына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және басқа да мемлекеттік, сондай-ақ, жеке құрылымдардың өкілдері қатысты.

Ашылу рәсімінде Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов жаңа өткізу пункті «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» дәлізінің басты қақпасы болып табылатынын, сонымен қатар, «Нұр жолы» ең заманауи техникалық қамтамасыз етуге ие екенін атап өтті.

Мемлекеттік кіріс комитетінің жетекшісі А. Теңгебаев өз сөзінде «Бүгін Қазақстанның кеден органдары үшін маңызды күн. Біз «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізде орналасқан «Нұр жолы» жаңа автомобильдік өткізу пунктін аштық. Ол тек Қазақстанның емес, жалпы Еуразия экономикалық кеңістігінің қақпасы болып табылады», — деді.

Облыс әкімі А. Баталов «Нұр жолы» жолаушы және жүк өткізу бекетінің ашылуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылған ауқымды «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының ойдағыдай жүзеге асырылғанын паш еткенін атап өтті. Ол «Бүгінгі ашылып жатқан өткізу пункті, ең жоғарғы әлемдік стандарттарға сай және күніне екі жақты 2500 көлікке дейін өткізу мүмкіндігімен транзиттік ағымды әлде қандай ұлғайтады. Осындай үлкен сауда саттық дәліздің пайда болуы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады және өңірлік экономиканың дамуына серпінін тигізеді» деп бағалады.

Осы жиынға қатысқан Қытай Халық Республикасы ШҰАА үкіметінің төрағасы Зәкир Шұхрат осы жобаның екі елдің экономикасына үлкен септігін тигізеді деген пікірде.

Мемлекеттік кіріс комитетінің баспасөз қызметі сарапшыларға сүйене отырып, Шығыс пен Батыс арасында қолайлы географиялық аумақта орналасқан Қазақстанның транзиттік әлеуетті дамытуға мықты мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұл сапалы жолдар мен оларға байланысты жоғары сервис пен шекараларды кесіп өту уақыты қысқарған жағдайда мүмкін болады.

Осыған байланысты, кеден органдарының алдында келесі міндеттер тұр:

— біріншісі — тауарларды шекара арқылы жедел өткізу;

— екіншісі — әлемдік сауда тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу үшін кедендік тазарту кезінде қазіргі заманғы инфрақұрылым қажет.

Ел тарихында алғаш рет аталған өткізу пункті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік моделі бойынша жеке инвестордың қаражатына салынған және Орта Азиядағы ең ірі өткізу пункті болып табылады. Маңыздысы, оның құрылысында озық технологиялар мен инновациялық шешімдер қолданылған. Жобалау барысында қазақстандық сарапшылар ЕАЭО, Түркия, Польша, Финляндия, Мексика және АҚШ елдерінің өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық шешімдерінің тәжірибесімен алмасты.

Сонымен қатар, жобалау барысында ЕАЭО-ның нормативтік талаптары, әлемдік тәжірибе мен инфрақұрылымдық шешімдер ескерілді, соның арқасында кеденнен өту уақыты 30 минутты алады.

Кешеннің орналасу құрылымында бір жұмыс күнінде қозғалыстың екі жағына 2,5 мың көлік құралдары мен 15 мың жеке тұлға өтуі қарастырылған, оның ішінде 2200 бірлік жүк тасымалдау көлігі, 300 бірлік жолаушы көлік транспорты (автобус пен жеңіл автокөліктер). Өткізу пунктінің аумағы екі бөлек аймаққа бөлінеді:

• жүк — жүк көлік құралдары үшін;

• жолаушылар — жеңіл көлік құралдары мен автобустар үшін.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дәліздер (кіру/шығу), ана мен бала бөлмесі, 250 кв.м. астам күту залы, қоғамдық тамақтану объектілері, Duty free (бажсыз сауда дүкені), санитарлық бөлмелер, CIP және VIP залдары бар.

Тарихта алғаш рет қазақстандық мамандар «АСТАНА-1″ кеден органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған өткізу пунктінде логистиканы басқарудың автоматты жүйесін қолданған. Автоматты технологиялық шешімді іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында » адами фактор » барынша азайтылды.

«Нұр жолы» кеден бекетінің пайдалануға берілуіне байланысты аталған кеден бекетінің өткізу қабілеті 30 есеге, ал жолаушылар ағыны 18 есеге артады.

«Нұр жолы» кеден бекетінің ашылуы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға алып келеді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді