jasqazaq.kz

Жаңа қаулы: Кинотеатрлар, банкет залдары мен тамақтану нысандары қайта ашылады

14 сәуiр 2021, 10:11

ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

«Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін:

— бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:

кинотеатрлар;

театрлар және филармониялар;

банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары;

ерікті қатысушылар;

— екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:

облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;

бильярд клубтары; концерт залдары;

— үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:

1) караоке;

2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр)», — деп жазылған қаулыда.

2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне таратылады. Сондай-ақ, «Ashyq» пилоттық жобасын йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг клубтарда іске асыруды жалғастыру жазылған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық