jasqazaq.kz

Жаңа әуе компаниясының билет құны қанша болады?

07 қараша 2018, 9:14

Жаңа әуе компаниясымен ұшудың орташа бағасы шамамен 16 мың теңге болады. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрі айтты. 2019-шы жылдың мамыр айынан бастап қызмет көрсететін әуе компаниясының аты да ерекше. «ФлайАрыстан» деп аталады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

— 8 ұшақ. Ол кішкентай ұшақтар емес. Жалпы Қазақстан бойынша ұшып жүрген ұшақтар. «Эйрбас», басқа да ұшақтар. Тек қана ол ұшақтардың ішінде отыратын орындықтарының саны басқаша болады, көп болады. Кішкене тығыз болады.

Министрдің айтуынша, бүгінде «Эйр Астана» әуе компаниясында екі қаланың ортасында ұшудың орташа бағасы 32-34 мың теңге. Жаңа бюджеттік компанияның орташа бағасы шамамен одан екі есе арзан, яғни 16-18 мың теңге аралығында болмақ. Президент өткен аптаның соңында ұлттық әуе тасымалдаушысына билет құны арзан әуе компаниясын құруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» еншілес компанияны құру туралы шешім шығарып қойған. Компания ұшақтарының іші тығыздау болады да, адам көбірек сияды. Ал билет құны тек орын үшін алынады. Жүк пен тамағының ақысын бөлек төлеуге болады. Соның есесінен ішкі рейстердің бағасы біраз арзандай түспек.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді