jasqazaq.kz

Жамбылдың қарбызынан зиянкестер шықты

24 тамыз 2018, 13:59

Астаналық инспекторлар Жамбыл облысынан келген қарбыздан қауын шыбынын тапты. Бүгін аталған өнімді арнайы әдіспен жою шаралары атқарылды.

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Сымбат Қалиасқаровтың айтуынша, бір партияда 10 тонна болды. Соның ішінде 150 келіге жуық қарбыздан «қауын шыбыны» деген зиянкестер шықты. «Біз оның бәрін тәркілеп алдық. Аталған факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық актісі рәсімделді. Енді, қарбыздың иесі 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 48 100 теңге көлемінде айыппұл төлейді», — дейді С.Қалиасқаров. Маманның сөзіне қарағанда, қауын шыбыны асқабақ тұқымдас өнімдер — қарбыз, қауын мен қиярға жиі түседі. Ондайда сары шыбындар піспей тұрған қарбызға құрт салып кетеді. «Қарбыздың сыртында қызыл-қоңыр іздер пайда болады. Содан құрттың түскенін білуге болады. Ондайды көрсеңіз бірден өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларға арыздану қажет. Олар сол жерде жүреді, немесе шағым түсіруге болады. Негізі, оның адам денсаулығына зияны жоқ. Дегенмен, басқа асқабақ тұқымдас өнімдерге тарап кетсе, бәрін құртып жібереді», — деп атап көрсетті С.Қалиасқаров.

ҚазАқпарат хабарлағандай, биыл қауын шыбыны Астанада алғаш рет анықталып отыр. Инспекторлар қарбыздың бәрін арнайы әдіспен көміп тастады. «Жақында тағы анықталды. Соттың шешімі шыққаннан кейін оны да дәл осылай көміп тастаймыз», — дейді С.Қалиасқаров.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді