jasqazaq.kz

Жамбылдық үшеу Қарағандыға 200 кг жуық марихуана әкеп сатпақ болған

14 маусым 2022, 15:42

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын жеткізушілердің жолын кесу мақсатында арнайы шара өткізді. Операция барысында 198 кг марихуана және 6 млн теңгеден астам ақша тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының үш тұрғыны республика өңірлеріне айтарлықтай көлемде есірткі жеткізумен айналысатынын анықтаған.

«12 маусымда «Қарасора-2022» ауқымды республикалық операциясы аясында жедел-тергеу шаралары кезінде есірткі тасымалдау, сақтау және өткізу күдігі бойынша 34, 39 және 56 жастағы үш ер адам ұсталды. Оның барлығы — Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталғандардан 6 млн 435 мың теңге қолма-қол ақша, өсімдік тектес зат салынған сегіз қап тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 198 кг кептірілген марихуана болып шықты», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ кеше түнде Алматы және Тараз қалаларында осы топтың 3 адамы ұсталды. Олардан «Range Rover» және «Лексус» автомобильдері, қару тәркіленді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде