jasqazaq.kz

Жамбылдық тұрғын жалған қайырымдылықпен айналысқан

09 қараша 2020, 12:16

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы брифингте айтты.

Алаяқтық деректері тыйылмай тұр. Елордалық полицейлер сауда үйінің қызметкерлерін алдап, 6 азаматтың дербес деректерін иемденіп, олардың атына 550 мың теңге сомасында онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады. Несие алған соң күдікті ақша қате аударылды деп, ақшаны кері жіберуді сұраған, — деді ол.

Ораздың айтуынша, тағы бір елорда тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, 356 мың теңгені иемденіп кеткен.

Ол «OLX» сайтында жүргізуші куәліктерін жасау туралы хабарландыру жариялап, Kiwi-әмианға ақша түскеннен кейін қоңырауларға жауап бермей қойған, — деді ол.

Ресми өкіл жамбылдық тұрғын қайырымдылық мақсаттарға қатысты бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны әшкереленгенін айтты.

Ол жалған қор құрып, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, қорды дамытуға көмек сұраған. Ақша жалған қорға тіркелген шоттарға аударылған. Қазіргі уақытта 2 млн 300 мың теңге сомасында залал келген. 15 коммерциялық құрылым басшылары сан соғып отыр, — деді Н. Ораз.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия