jasqazaq.kz

Жамбылдағы жарылыс: 28349 әскери бөлім командирі өрттің қалай сөндірілгенін айтты (видео)

30 тамыз 2021, 18:29

28349 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өрттің қалай сөндірілгенін айтты. Бұл туралы  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

– Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған.

Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті. Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды».-дейді Руслан Жылқыбаев.

https://youtu.be/VrbXQ5JMGWA

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия