jasqazaq.kz

Жамбылда «Жалған қалындық» қолға түсті

31 тамыз 2019, 10:54

Жамбылдық полицейлер бірнеше рет жалған неке қиып, алаяқтықпен айналысып келген Айгүл Ниязованы қолға түсірді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалғыз басты ер азаматтармен некеге отырып, оның туыстарын өзінің алаяқтық «құрығына» түсіріп отырған 48 жасар Айгүл Молдазқызына бұған дейін іздеу жарияланғандығы туралы хабарланған болатын. Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Немесе өз айласын асырғанша азаматтық неке тұрған. Кейін туыстарын жұмысқа орналастырамын, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған. Алаяқ ханым бұған дейін бірнеше мәрте сотты болған. 2017 жылы кезекті қылмысынан кейін бостандыққа шыққан ол баяғы әдетіне тағы басқан. Жаңатас қаласының 52 жастағы ер адамымен азаматтық некеге отырған Айгүл азаматтық күйеуінің туған-туыстарын тақырға отырғызған. Оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша Таразда қымбат емес пәтер алуға көмектесемін деп, ақшаларды жинап алып, тайып тұрған. Қазіргі уақытта полицияда төрт өтініш бар, оның ішінде үшеуі — Сарысу ауданының тұрғындарынан және біреуі семейлік ер азаматтан. Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін. Күдікті азаматшаға кезекті рет іздестіру жарияланғаннан кейін желідегі суреттерді таныған Тараз қаласының тұрғыны дереу 102-ге қоңырау соғып, Айгүлдің орналасқан мекенжайы туралы хабар берген. Осылайша қылмыскер қолға түскен. Тұрғынның белсенділігі үшін департамент мамандары алғыс білдірді. «Қылмысқа қарсы күрес – бұл бүкіл қоғамның ісі, ал халықтың көмегі осы қарама-қайшылықта шешуші рөл атқаруға қабілетті. Полиция департаменті барлық жамбылдықтарды кез-келген күдік туғызатын оқиға туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға шақырады. Тек осылай, бірге, біз өмірімізді тыныш әрі қауіпсіз ете аламыз. Егер сіз осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, Сізге ішкі істер органдарына келіп, өтініш жазу қажет»,- делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Қазіргі уақытта ұсталған неке алаяғы Тараз қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық