jasqazaq.kz

Жамбылда машина ішінде 2 жасар бала жанып кетті

19 маусым 2017, 15:23

Жамбыл ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 маусым күні 11:30-да Ерназар ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-2105» маркалы автомашинадан өрт шыққан. Өрт шыққан машинадан денесінің 90 пайызы күйік шалған 2 жасар қыз құтқарылып, Тараз қаласындағы №2 ауруханасына жеткізілді. Алайда сәби емханада көз жұмды», — делінген баспасөз баянында.

Ведомство хабарлағандай, өрт қатысушы тараптың өз күштерімен сөндірген, өрт сөндіру қызметіне өрт туралы ақпарат түспеген.

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін қыз ата-анасының қарауынсыз болған және машинада сіріңке жағып ойнап отырған. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу