jasqazaq.kz

Жамбылда көкпар мен құдалық ұйымдастырғандар жазаланды

01 сәуiр 2020, 12:22

Жамбыл облысының Жуалы аудандық ІІБ полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жаппай іс-шаралар өткізудің екі фактісін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жуалы ауданындағы Талапты ауылының 46 жастағы тұрғыны жалпы тыйымға және коронавирустық инфекциядан қорғану шараларына қарамастан, үйінде өткен құдылыққа және қызының ұзату тойына қонақтарды шақырған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Заң бұзған әйел адамға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, ұлттық көкпар ойынының бастамашысы болған Нұрлыкент ауылының 37 жастағы тұрғыны да жауапкершілікке тартылған» делінген ведомство хабарламасында. Ауыл тұрғындары арасында ат жарысын өткізген құқық бұзушы жеті тәулікке қамауға алынды. Полиция департаменті төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді. Сонымен қатар, төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР ҚК-нің 379-бабына сәйкес қылмыстық жаза қарастырылған.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі