jasqazaq.kz

Жамбылда есірткімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

01 желтоқсан 2022, 10:52

Жамбыл облысында ауқымды арнайы операция барысында есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топтың 6 қатысушысы бір уақытта ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Полиция департаменті мен прокуратурасы бірлесіп, өңірде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізді.

2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың 6 қатысушысын бір мезгілде ұстаджы. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, «кептірілген марихуана» және синтетикалық есірткі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық