jasqazaq.kz

Жамбылда автобус пен трактор соқтығысып, екі адам қаза тапты 

12 мамыр 2022, 19:32

Жамбыл облысында 12 мамыр күні сағат 15.50 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 571-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша күн райының нашарлауына байланысты (жаңбыр мен бұршақ) жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ауруханаға 33 адам қаралып, олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. «Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,-делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр