jasqazaq.kz

Жамбылда атышулы қылмыстық топ ұсталды

24 қантар 2019, 10:48

Жамбылдық күштік құрылым аса ірі көлемде есірткі тасымалдау, өткізумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топты ұстады. Сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан топты алты ай аңдып қолға түсірген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Құрықтау операциясы бір мезетте Астана мен Жуалы ауданында жүргізілді. Іздеудегілердің нақты мекенжайын білген күштік құрылым, олардың үстінен сау етіп түсіп, тырп еткізбей ұстаған. Ешбірінің қашып үлгеруге мүмкіндігі болмады. Бұл қылмыстық топтың Қырғызстанмен байланысы болған. Яғни екі ел арасында есірткі саудасын жүргізген. Бірақ қанша уақыттан бері бұл іспен айналысқандары әзірге беймәлім. Тұтқындау кезінде күдіктілер жасырынған үйден сирек кездесетін 11 келі үнді марихуанасы табылған. Тәркіленген тауардың қара нарықтағы құны 3 млн. теңге. Қазір қолға түскендер қамалып, дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда